Қазақстанда ҰБТ өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

0
573

Енді тестілеуге кіргізілген кезде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі.


Қазақстанда ҰБТ өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді, деп жазады Stan.kz.

Енді тестілеуге кіргізілген кезде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі.

"Оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіру рұқсаттама бойынша және жеке басын куәландыратын құжаттың, ал он алты жасқа толмаған адамдардың орта білім беру ұйымын бітіргені туралы анықтаманың негізінде жүргізіледі”, – делінген құжатта.

Бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты бар және автоматтандырылған жүйеде онлайн тіркеу арқылы өтініш берген оқуға түсушілер адамның көлемді-кеңістіктік нысандағы сканері арқылы іске қосылады және жеке басын сәйкестендіреді.

Тестілеуге кіру кезінде металл детекторлар қолданылады.

Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін көзге арналған жаттығулар және дене жаттығуларына арналған 2 минут көлемінде үзіліс болады.

120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 15 минут көлемінде үзіліс беріледі.

180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 65 минут.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы – 130 минут.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін – 80 минут.

ҰБТ-ны электронды форматта өткізу кезінде оқуға түсушіге мына нәрселер рұқсат етілмейді:

  • аудиториядан (компьютерлік сыныптан) дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз, ертіп жүруінсіз шығу;
  • аудиториядан (компьютерлік сыныптан) 10 минуттан артық уақытқа шығуға;;
  • сөйлесуге, орын аустыруға;
  • оқуға түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы құжаттар мен қағаздармен алмасуға;
  • аудиториядан (компьютерлік сыныптан) А4 форматындағы құжаттар мен қағаздарды шығару;
  • аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, Ұялы Телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), Ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер) пайдалану, радио-электрондық байланыстың кез келген түрлерін пайдалану (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Bluetooth), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалар);
  • тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шу шығаруға;
  • тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарды өзіңізбен бірге алып кетуге;
  • тест тапсырмаларының мазмұнын талқылау және жариялауға;
  • тестілеу мен қауіпсіздік жүйесін пайдалануға арналған техниканы қасақана бүлдіруге.

Осы ережелерді бұзған тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылады.

Айта кетейік, бұйрық 2021 жылғы 19 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.