Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгерлерінің миссиясы сәтті аяқталды - Тоқаев

0
555

ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі 13 қаңтарда басталады.


Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгерлерінің миссиясы сәтті аяқталды - Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгерлерінің миссиясының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің отырысында айтты.

"ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі екі күннен кейін - 13 қаңтарда басталады, ол 10 күннен аспайды", деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады.