Еліміз бойынша алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы белгілі болды.
«Қазгидромет» орталығы 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады. Синоптиктер болжамынша, алдағы күндері елімізде үсік жүреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биіктіктегі барикалық жыра арқылы Оралдан түсіп жатқан суық және ылғал ауа және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанға әлі де ықпалын тигізуді жалғастыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағаймен және республиканың көптеген облыстарында аталған аралыққа төмен ауа температурасы сақталады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3°С дейін үсік күтіледі. Республиканың тек батысында антициклонмен жауын-шашынсыз ауа райын сақталып, оның шығыс бағытта жылжуымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында да жаңбыр басылады.