Сонымен қатар ұлттық мессенджері ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қорғалған цифрлық ортаға көшу мақсатында енгізілетінін түсіндірді министрлік.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Желіде тараған WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайтыны белгілі болды, деп жазады stan.kz.
Цифрлық даму министрлігі жеке мақсатта шетелдік сервистерді қолдануға еш тыйым салынбайтынын хабарлады.
“Aitu шетелдік мессенджерлерді азаматтардың жеке өмірінде алмастырмайды және оған “кедергі келтірмейді”, ол тек мемлекеттік сектордағы жұмыс процестері үшін қорғалған арнаны қамтамасыз етеді. Ол мемлекеттік қызметкерлер тек жұмыс барысында пайдаланатын ақпаратпен қауіпсіз алмасуды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ұлттық мессенджері ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қорғалған цифрлық ортаға көшу мақсатында енгізілетінін түсіндірді министрлік.
“Aitu қызметтік хат алмасудың, жұмыс чаттарының, жедел хабарламалардың және мемлекеттік цифрлық платформалармен өзара әрекеттесудің негізгі құралына айналады. Оның басты артықшылығы – барлық серверлер Қазақстан аумағында орналасқан, бұл деректерді қорғау талаптарына сәйкес келеді және жүйені мемлекеттік органдар үшін сенімдірек етеді”, – деп мәлімдеді цифрлық даму министрлігі.