Қазақстанда заңсыз шығарылған активтер қаражаты есебінен 400-ден астам нысан салынуда

0
109

Мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен Арнаулы мемлекеттік қорға 434,3 млрд теңге түсті.


Қазақстанда заңсыз шығарылған активтер қаражаты есебінен 400-ден астам нысан салынуда

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару және осы қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Оның деректері бойынша мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен Арнаулы мемлекеттік қорға 434,3 млрд теңге түсті.

Бүгінгі таңда осы қаражаттың ішінен 318,1 млрд теңге сомасына 406 әлеуметтік маңызы бар жоба қаржыландырылды, оның ішінде:

  • Сумен жабдықтау және су бұру желісінің 230 жобасы;
  • 162 денсаулық сақтау жобасы;
  • Білім беру саласындағы 10 жоба;
  • Спорт саласындағы 4 жоба.