Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Ақорда баспасөз қызметінің мұрағаттық фотосы
ERNUR.KZ. 28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram-арнасында жазды, деп жазады tengrinews.kz.
Сапар барысында Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.


