Қазақстанда зейнетақы көлемі өсті

0
502

1 маусымға орташа зейнетақы 100 018 теңгеге жеткен.


Қазақстанда зейнетақы көлемі өсті

ERNUR.KZ. Қазақстанда бес жыл ішінде орташа зейнетақы 56,3 мыңнан 100 мың теңгеге дейін өсті, деп жазады zakon.kz.

Еңбек министрлігінде LS-тiң ресми сауалына берген жауабында 1 маусымға орташа зейнетақы 100 018 теңгеге жеткенін хабарлады. Оның ішінде ынтымақты – 68 934 теңге, базалық – 31 084 теңге.

Салыстыру үшін:

- 2016 жылдың 1 маусымына – 56 329 теңге (ынтымақты – 44 364 теңге, базалық – 11 965 теңге); жылдық инфляция – 8,5%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 335,6 $1

- 2017 жылғы 1 маусымға – 59 554 теңге (ынтымақты – 46 752 теңге, базалық – 12 802 теңге); жылдық инфляция – 7,1%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 314,72 $1

- 2018 жылдың 1 маусымына – 70 765 теңге (ынтымақты – 55 491 теңге, базалық – 15 274 теңге); жылдық инфляция – 5,3%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 329,76 $1

- 2019 жылдың 1 маусымына – 85 785 теңге (ынтымақты – 58 784 теңге, базалық – 27 001 теңге); жылдық инфляция – 5,4%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 380,55 $1

- 2020 жылдың 1 маусымына – 99 314 теңге (ынтымақты – 68 362 теңге, базалық – 30 952 теңге); жылдық инфляция – 7,5%, теңге бағамы орта есеппен II тоқсанда – 418,11 $1

Осылайша, ұлттық банктің деректеріне сйкес, теңге бағамы бес жыл ішінде 24,6%-ға әлсіреді.

Сондай-ақ, министрлiкте Қазақстанда 2,2 млн-нан астам зейнеткер бар екенін атап өтті. Олардың ішінде ең көбі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында –10,4%-дан, ал Алматы қаласының өзiнде – 10,3%. Ең аз үлес Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарында – тиісінше 2,5%, 2,7% және 3,4%-дан.

Зейнетақының ең төменгі мөлшері 61 796 теңгені құрайды (ынтымақты – 43 272 теңге, базалық – 18 524 теңге). Ең жоғарғы мөлшері – 134 939 теңге (ынтымақты – 100 637 теңге, базалық – 34 302 теңге), – деп түйіндеді еңбек министрлігінде.