Қазақстанда жалға алынған жерді мұра ретінде қалдыру ұсынылды

0
2 387

Фермерлер одағының басшысы жер телімін пайдаланушы 49 жылға жалға алынған жерді адал және тиімді пайдаланса, ол үшін жалға алу мерзімін ұзартуды қарастыру қажет деп санайды.


Қазақстанда жалға алынған жерді мұра ретінде қалдыру ұсынылды

ERNUR.KZ. "Қазақстан фермерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жигули Дайрабаев Қазақстанда жерді жалға беру уақытын ұзарту бойынша шаруаларға басым құқық беруді ұсынды, деп жазады Tengrinews.kz.

Фермерлер одағының басшысы жер телімін пайдаланушы 49 жылға жалға алынған жерді адал және тиімді пайдаланса, ол үшін жалға алу мерзімін ұзартуды қарастыру қажет деп санайды.

"Жер телімін пайдалану, оның мұрагерлеріне жалға алу мерзімін ұзарту бойынша басым құқығын заң жүзінде қарастыру қажет. Ол үшін еліміздегі Жер кодексіне өзгерістер енгізу қажет", - деді Жигули Дайрабаев.

Бұған дейін Жер кодексі жобасының нормаларын талқылау үшін жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамы бекітілген болатын.

15 наурызда Мәжілістің қарауына шетелдіктер мен қандастарға Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына жер телімін сатып алуға және жалға алуға тыйым салатын заң жобасы келіп түскені белгілі болды. Жер қатынастары мәселелері жөніндегі заң жобасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастама жасады. Бұған дейін ол Қазақстан жері шетелдіктерге сатылуы мүмкін деген қауесетті тоқтату үшін осы заңды шұғыл дайындауды тапсырған еді.