Қазақстанда жаңа көліктер сатылымы екі есе артты

0
571

Сатылым бір жыл бұрынғы көрсеткіштен номиналды түрде 105% артық.


Қазақстанда жаңа көліктер сатылымы екі есе артты

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика агенттігінің стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі бюросы кәсіпорындарды іріктеу байқауында былтыр бөлшек сауда ұйымдары жаңа автокөліктерді 1,9 триллион теңгеге сатқанын мәлімдеді. Сатылым бір жыл бұрынғы көрсеткіштен номиналды түрде 105% артық, деп жазады stan.kz.

Басылымның дерегінше, жылдағы көлемнің 60%-ы Астана мен Алматыдан келіп түсті және олар жылдық динамикаға айтарлықтай үлес қосты.

Ұлттық статистика бюросы бірлікте қанша көлік сатылғанын көрсетпейді. Алайда сатылымның көлемін түсіну үшін Қазақстан автомобильдер одағының бағалауын мысалға аламыз.

Одақ 2023 жылы ресми дилерлерден 199 мың жаңа жолаушылар және коммерциялық көліктер сатып алынғанын көрсетеді. Бұл 2022 жылға қарағанда 60% артты.

Мұнда кәсіпорындардан жеңіл автокөліктерді сату көлемі де 51% өсіп, 363 миллиард теңгеге жетті. Тағы бір жайт, қайталама нарық бөлшек саудаға қарағанда ауқымды. Салалық бағалаулардың нәтижесі бойынша жаңа автомобильдерге сұраныстың артуына байланысты ескі көліктерді сатып алу азайды.