Депутат ұсынылып отырған тариф салық емес, жаңбыр суын өңдеп, сақтау үшін төленетін төлем екенін баса айтты.
ERNUR.KZ. Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Су кодексінің жобасы аясында жаңбыр суына тариф енгізуді талап етті, деп жазады stan.kz.
Жұмыс тобының отырысында жаңбыр суын есептеу мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев мемлекеттік органдар бұл мәселені талқылаудан қашқақтайтынын, бірақ комитет оны маңызды деп санайтынын атап өтті.
“Үкімет редакциясынан алған конфигурацияда жергілікті атқарушы органдар жаңбыр суына тариф белгілейді делінген. Бірақ оны қалай жинап, қалай есептеп, тазалығын қалай бағалайтынымызды білмесек, жаңбыр суы үшін кімнен ақы аламыз? Екінші жағынан, сұрақ орынды – бәрібір де мәселені шешу керек", – деді Казанцев.
Депутат ұсынылып отырған тариф салық емес, жаңбыр суын өңдеп, сақтау үшін төленетін төлем екенін баса айтты. Ол депутаттар кодекстің басқа да нормаларын талқылап жатқанын айтты.