Еске салайық, 2023 жылы Қазақстанда шеру өткізілген жоқ.
ERNUR.KZ. 2024 жылы Қазақстанда Жеңіс күніне орай шеру өткізу жоспарланбайды, деп жазады tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға бюджет қаражатын үнемдеуге ұмтылыс себеп болып отыр.
"Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдылық болып табылады", - деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, 2023 жылы Қазақстанда шеру өткізілген жоқ.