Арман Шаққалиев елімізде жұмыртқа бағасы өскенін мойындады.
ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 16 қаңтарда өткен үкімет брифингінде қазақстандықтар жұмыртқа мен құс етінің тапшылығын күту керек пе, деген сұраққа жауап берді, деп жазады zakon.kz.
Арман Шаққалиев елімізде жұмыртқа бағасы өскенін мойындады.
"Шынымен де, жұмыртқаның бағасы көтерілді, біз оны жасырмаймыз. Біз шамамен 2,5% өсім көріп отырмыз. Атап өту керек бұл маусымға байланысты, мысалы қыста тұтынуымыз үнемі артады. Сәйкесінше, баға көтеріледі. Ал жазда (жұмыртқа бағасы – ред.) құлдырап жатады. Бізде бағаның айтарлықтай ауытқуы бар – 30-40%-ға төмендеу бар. Қауіпсіздікке келетін болсақ – біз өзімізді өзіміз толық қамтамасыз етеміз. Отандық өнімнің Ресей Федерациясына ағыны байқалмайды", - деді Арман Шаққалиев.
"Сондықтан біз ішкі нарықта өнімнің толып кетуіне және тапшылығына байланысты ешқандай қауіп-қатерді көріп тұрған жоқпыз... Жұмыртқаға қатысты жағдай бақылауда деуге болады, бізде жұмыртқа тапшылығы болмайтынын түсінеміз. Ең бастысы - баға, сондықтан мұндай шарықтау динамикасы болмайды. Құс етіне келетін болсақ, бізде импортқа тәуелділік бар, бірақ біздің нарыққа келетін ағындар әртараптандырылған. Яғни, импорттың бір бағыты қысқарса, басқа бағыттағы импортты ауыстырып, алмастыруға мүмкіндігіміз бар.Сондықтан сөрелерде жұмыртқа мен құс еті болады деп сенімді айта аламыз", - деп түйіндеді сөзін Сауда министрлігінің басшысы.
16 желтоқсанда Арман Шаққалиев Қазақстандағы азық-түлік пен дәмхана бағасы неліктен онсыз да еуропалық бағамен теңеседі деген сұраққа да жауап берді.