Қазақстанда жұмысшылардың тағы бір санаты үшін қосымша төлем енгізілуі мүмкін

0
1 948

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәжілісте азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстырды.


Қазақстанда жұмысшылардың тағы бір санаты үшін қосымша төлем енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстандық құтқарушыларға жұмыс орнын ауыстырғаны және қызметте көтерілгені үшін жәрдемақы төлеу жоспарлануда, деп жазады stan.kz.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәжілісте азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстырды. Құжатта төрт кодекс пен 17 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Өзгерістердің бірі азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуді енгізу.

"Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде қызметкерлерге лауазымы көтеріліп басқа аумаққа көшуіне байланысты көтерме жәрдемақы төлеу және жоғарылату, өз мүлкін тасымалдайтын кезде шығындарын өтеу, жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайларда жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеу" – деді Бауыржан Сыздықов.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, олар әр қызметкерге жеке мүлкін тасымалдағаны үшін 166,9 мың теңге төлеуді жоспарлап отыр. Жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайларда жұмыс істеу үшін есеп айырысу келесідей болады: қызмет өткеру мерзімі бір күндік есеппен үш еселенген жалақы төленеді.

Бұл мақсаттарға жыл сайын шамамен 873,2 миллион теңге бөлу жоспарлануда.

Қараша айында мәжілісте зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түзетулер таныстырылды. Еңбек министрлігінің мәліметінше, 55 жасқа толған жұмысшылар төлемдерді ала алады. Бұл ретте кемінде жеті жыл зиян еңбек жағдайында жұмыс істеу керек. Түзетулер Парламентте қабылданса, норма 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.