Қазақстандағы ақылы жолдарға жүргізушілер ұйықтап кетпейтіндей лазерлі жарықтар орнатып жатыр

0
82

Лазерлік құрылғылар жүргізуші көретін жолға жарық сызықтар шығарып, қозғалысты дұрыс бағдарлауға көмектеседі.


Қазақстандағы ақылы жолдарға жүргізушілер ұйықтап кетпейтіндей лазерлі жарықтар орнатып жатыр

Фото: ҚазАвтоЖол

ERNUR.KZ. ҚазАвтоЖол Қазақстандағы 22 ақылы жол учаскесінде лазерлік визуалды бағдарлау жүйесін орнатылатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Министрліктің мәліметінше өзгеріс жасалып жатқандар қатарында:

  • Астана – Щучинск,
  • Алматы – Хоргос,
  • Шымкент – Тараз,
  • Орал – Ресей шекарасы сияқты стратегиялық маңызды бағыттар бар.

Бұл жүйе негізінен түнде немесе көрініс нашар болғанда жолдағы қауіпсіздікті арттыруға арналған.

Лазерлік құрылғылар жүргізуші көретін жолға жарық сызықтар шығарып, қозғалысты дұрыс бағдарлауға көмектеседі. Бұл жылдамдық пен жол бағытын сақтау, жолда ұйқыға кетуден сақтану, назарды сақтау және жолды жақсы көру мүмкіндігін береді.

“Жүйе әсіресе ұзын жолдарда тиімді, онда дәстүрлі жол белгілері кейде көрінбей қалуы мүмкін. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, лазерлік сигналдарға жүргізушілер жылдам жауап береді, ал жол апаттары 40–50% азаюы мүмкін. Қазақстандағы ақылы жол пайдаланушылары да бұл құрылғыларды жақсы бағалауда”, – деді компания.