Бір күннен кейін АЭС-ке ат қоятын конкурс басталады.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Бір күннен кейін, яғни, 25 қыркүйек күні Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурс басталады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Дереккөзге сүйенсек, бүгін комиссияның алғашқы отырысы өткен. Айта кетейік, комиссия құрамына қоғам өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласындағы сарапшылар кірген. Жалпы, конкурс ережесіне сай, қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы АЭС-ке өз атауларын ұсына алады. Конкурс мына сатыларда өтеді:
- 25 қыркүйек – конкурс басталады
- 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін – eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстар қабылданады
- 11–20 қазан аралығы – келіп түскен ұсыныстар талданады
- қазан айының соңына дейін АЭС-тің үздік атауы таңдалады
«АЭС-ке үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурстың ережелері Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және Телеграм арнасында жарияланады. Конкурс ашық әрі айқын өтеді. Әрбір азамат АЭС-ке өз атауын ұсына алады, ал комиссияның қорытынды шешімі қазан айының соңына қарай белгілі болады», - деп хабарлаған агенттік.