Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасын құрған ресейлік Испанияда ұсталды

0
508

Қараша айында Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы Questra World құрылғаны хабарланған.


Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасын құрған ресейлік Испанияда ұсталды

ERNUR.KZ. Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың (ОПГ) құрамында бірқатар алаяқтық туралы іс бойынша іздестірілген ресейлік Испанияда ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.

ҚР ішкі істер министрлігінің мәліметінше, трансұлттық қылмыстық ұйымның құрамында Questra Holdings, Questra World, Atlantic Global Asset ЖШС қаржылық пирамидасы бар.

"Астана полиция департаменті қаржылық пирамида басшысы – Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматын Испанияда ұстады", – делінген ІІМ хабарламасында.

Еске сала кетейік, қараша айында Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы Questra World құрылғаны хабарланған.

Тергеу барысында аталған ұйымды 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында құрғаны анықталды.