Қазақстандағы Ресей салатын жылу энергетика орталығы көмірмен де, газбен де жұмыс істейді

0
680

Бұған дейін Қазақстан мен Ресей қазақстандық қалаларда үш бірдей ЖЭО салу туралы келісімге қол қойған болатын.


Қазақстандағы Ресей салатын жылу энергетика орталығы көмірмен де, газбен де жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Қазақстанда Ресей салатын жылу энергетика орталығы қатты отынмен де, газбен де жұмыс істейді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Келесі жылы осы ЖЭО құрылысына кірісеміз. Бұл көмір станциялары газ отынымен де жұмыс істей береді. Яғни, орталықтар саптамаларды ауыстырған кезде газ отынымен жұмыс істейтін режимге ауыса алады", - деді ол журналистердің сұрағына.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Ресей энергетика министрліктері республикада көмір ЖЭО салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.
Ресей Федерациясы оларды Қазақстанның қысы өте суық болатын аумақтар - Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салады. Уәкілетті ұйымдар - "ИНТЕР РАО-Экспорт" және "Самұрық-Энерго" АҚ.
Үш облыс орталығында салынатын жаңа жылу энергетика орталығы аймақтардың ары қарай дамуына тың серпін береді, деп бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтқан болатын.