Қазақстандық 56 жастағы стример қыз болып киініп, TikTok-та балалармен танысқан

0
122

Қарағандылық Еркін Жантықпаев TikTok әлеуметтік желісінде әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы мазмұндағы видеолар жариялаған.


Қазақстандық 56 жастағы стример қыз болып киініп, TikTok-та балалармен танысқан

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында полиция TikTok желісінде ұятсыз сипатта стрим түсірген 56 жастағы ер адамды ұстады, деп жазады stan.kz.

Қарағандылық Еркін Жантықпаев TikTok әлеуметтік желісінде әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы мазмұндағы видеолар жариялаған.

Аталған дерек бойынша полиция тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Сот қаулысымен азамат 10 тәулік әкімшілік қамауға алынып, ресми ескерту жасалды.

“Полиция қызметкерлері азаматтың әрекеті заң талаптары мен қоғамдық тәртіпке қайшы келетінін атап өтті. Мұндай әрекеттерге құқықтық баға беріліп, заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары қолданылады”, – делінген хабарламада.

Қазір стример әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойды. Сонымен қатар полиция тарапынан оған қатысты бақылау жалғасып жатыр.

Ескерту талаптарын қайта бұзған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке қайшы және құқыққа сыйымсыз контент таратпауға шақырады.

Еске салсақ, желіде боқтық сөз айтып, бетінен ұрған стримерлер жазаға тартыла бастаған еді.