Қазақстандық актриса басты рөлді сомдаған фильм Германияда бас жүлдеге ие болды (видео)

0
2 208

Конкурста 40 елден 190 фильм сынға түскен.


 Қазақстандық актриса басты рөлді сомдаған фильм Германияда бас жүлдеге ие болды (видео)
сурет:m.news.yandex.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлді сомдаған «Айка» фильмі Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық кинофестивальде гран-приге ие болды, деп жазады «Хабар 24».


Конкурста 40 елден 190 фильм сынға түскен. Гран-примен қатар «Айка» қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлады. Айта кетейік, кино туындыны неміс режиссері Сергей Дворцевой түсірген. Еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы фильмге жергілікті көрермендер жоғары баға берген. Олардың айтуынша, Самал Еслямованың рөлді шынайы, асқан шеберлікпен сомдауы фильмнің өзге бәсекелестерінен дараланып, озық шығуына сеп болған. Естеріңізге сала кетейік, Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанған еді.

Сергей Дворцевой, «Айка» фильмінің режиссері:

– Мен мұндай фестивальдерге көптен бері қатысып келемін. Еңбегіңнің бағаланғаны қуантады, әрине. Фильмнің түсіріліміне дайындық басталғанда, ойланбастан Самалды рөлге бекіттім. Ұлты қырғыз болмаса да, қырғыз тілін үйреніп, өте жақсы ойнады.