Қазақстандық бітімгерлердің алғашқы жасағы Сириядан оралды

0
265

Қазақстандық бітімгерлердің алғашқы жасағын еліміздің қорғаныс министрлігі, қарулы күштер ардагерлері мен қызметтестері ресми түрде қарсы алды.


Қазақстандық бітімгерлердің алғашқы жасағы Сириядан оралды

ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш бітімгерлік контингенті Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы аясында (UNDOF) Сирияның Голан жоталарында қызмет атқарып, бір жылдан кейін елге оралды, деп жазады Stan.kz.


Қазақстандық бітімгерлердің алғашқы жасағын еліміздің қорғаныс министрлігі, қарулы күштер ардагерлері мен қызметтестері ресми түрде қарсы алды.

“Бұл миссия тұрақсыз аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бойынша халықаралық күш-жігердің ең маңызды бөлігі болды. Сіздердің еңбектеріңіз елеусіз қалған жоқ және Қазақстанның халықаралық аренада жауапты әрі бейбітсүйгіш мемлекет ретіндегі беделін одан әрі нығайтуға негіз болды. Қызметтеріңіз үшін, жауынгерлік тапсырманы орындағандарыңыз үшін, ауыр кезеңдерді бастан өткеріп жатқан адамдарға көмектескендеріңіз үшін алғыс айтамын”, – деді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.




Сондай-ақ министр Қазақстан армиясы тарихында алғаш рет "Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарсы тұруды бақылау күштері" миссиясы аясында Голан жоталарында жеке қару-жарағы мен техникасы бар ұлттық контингент ретінде орналастырылғанын атап өтті.