Ол жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден астам бірнеше несие алған.
Фото: pexels
Белгілі болғандай, әйел әлеуметтік төлемдерді ресімдеу сылтауымен банктің мобильді қосымшасы арқылы бет-әлпет биометриясын және туысының жеке мәліметтерін пайдаланған. Осылайша ол жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден астам бірнеше несие алған.
Сот оны екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Алайда, ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған әйел пробация қызметінің есебінде тұрған кезде белгіленген шарттарды жүйелі түрде бұзған: ол тіркеуге келмеген, тексеру кезінде тұрғылықты жерінен болмаған, электронды бақылау құралын киюден бас тартқан.
Сотталушы жазасын өтеу үшін Абай ауданындағы әйелдер колониясына келген. Ол қазір карантиндік палатада жатыр.
Арнайы есеп бөлімінің бастығының айтуынша, әйел жасаған ісіне өкініп, зардаптың ауырлығын толық түсінбегенін мойындап отыр.
Бұған дейін Шымкентте YouTube және TikTok желілерінде жарияланған видеолар арқылы терроризмді насихаттап, діни араздықты қоздырған ер адамның жеті жылға сотталғанын хабарлаған болатынбыз.