Қазақстандық әйел TikTok-та тікелей эфир өткіземін деп айыппұл арқалады

0
809

Полиция мәліметінше, бұған дейін де ол дәл осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған.


Қазақстандық әйел TikTok-та тікелей эфир өткіземін деп айыппұл арқалады

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Талдықорғанның 44 жастағы тұрғыны TikTok-та тікелей эфир өткіземін деп айыппұл арқалады. Әйел көрермендермен сөйлесу кезінде былапыт сөздер айтқан, деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, бұған дейін де ол дәл осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған. Алайда одан тиіс қорытынды шығармаған.

"Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысымен азаматшаға әкімшілік айыппұл салынды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда бірнеше стример мен блогер адам ұрлау көрінісін қолдан жасап көрсеткені, пранк ұйымдастырғаны және тікелей эфирде былапыт сөйлегені үшін қамауға алынғаны хабарланған еді. Ішкі істер министрлігі мұндай контентті анықтау және әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарын қарау жұмысы жалғасатынын мәлімдеді.