Қазақстандық әйел ұлының саябақта ән айтқаны үшін айыппұл төледі

0
347

Сот қаулысы заңды күшіне енді.


Қазақстандық әйел ұлының саябақта ән айтқаны үшін айыппұл төледі

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты кәмелетке толмаған баланың ұсақ бұзақылық жасауына қатысты істі қарады, деп жазады zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметі 2026 жылғы 13 қазанда хабарлағандай, жасөспірім қалалық мәдениет және демалыс саябағында балағат сөздері бар әндер орындаған.

"Осылайша, жасөспірім қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. Сот отырысында баланың анасы кінәсін толық мойындап, ұлының TikTok әлеуметтік желісін белсенді пайдаланатынын түсіндірді. Саябақта ол жазылушыларымен кездесіп, олардың өтініші бойынша балағат сөздері бар ән орындаған", – деп түсіндірді сотта.

Нәтижесінде әйел Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 21 193 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеу міндеттелді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстан заңнамасына "треш-стриминг" ұғымын енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген болатын.