Қазақстандық фильм халықаралық фестивальдің бас жүлдесіне ие болды

0
972

Форум қорытындысы бойынша гран-при Қазақстанның режиссері Анита Черныхтың «На птичьих правах» картинасына берілді.


Қазақстандық фильм халықаралық фестивальдің бас жүлдесіне ие болды

ERNUR.KZ. «Tashkent Animation Forum» халықаралық анимациялық кино фестивалінің бас жүлдесіне қазақстандық режиссер Анита Черныхтың «На птичьих правах» картинасы лайықты танылды, деп жазады inform.kz.

«Форум қорытындысы бойынша гран-при Қазақстанның режиссері Анита Черныхтың «На птичьих правах» картинасына берілді. Өзбекстандық Шокир Холиковтың «Девушка и облако» фильмі көркемдігі мен суреттеу тереңдігі аталымындағы сыйлыққа ие болды. «Үздік режиссура үшін» сыйлығына тәжікстандық Фарход Гаффорпурдың «Молчаливый диалог» фильмі лайық деп танылды» , - делінген фестивальдің ұйымдастыру комитеті таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, жас қазылар сыйлығымен Қырғызстан және Түркия атынан қатысқан режиссер Жанна Абасованың «Author and the Nose» фильмі марапатталды.
Ал, өзбекстандық Маликахон Зайнутдинованың «Дело семейное» деп аталатын еңбегі үздік минуттық фильм аталымына ие болды.
Анимацияның дамуына қосқан үлесі үшін Әзербайжанның өкілі Эльчин Хаами Ахундовқа арнаулы сыйлық берілді. Халықаралық анимациялық кино фестивалі 18-22 сәуірде Ташкентте өтті.
Оған Әзербайжан, Германия, Грузия, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан мен Чехияның анимация саласындағы мамандары қатысты.