Қауіпті аурудың белгісі саналатын жаңа симптом – саусақтың ісуі.
ERNUR.KZ. Ғалымдар коронавирустың жаңа симптомын анықтады, деп жазады Stan.kz.
Қауіпті аурудың белгісі саналатын жаңа симптом – саусақтың ісуі. Сырттай ол үсігенге ұқсағанымен, коронавирус салдарынан болады. Бұл ағзаның шамадан тыс антидене бөлуі кезінде болады. Олар тек вирусты ғана емес, дене талшықтарына да шабуыл жасайды. Ғалымдар вирустың қауіпі мен жұғып кетуден сақтанудың жолдарын әлі іздестіруде
“Демнің жиілеуі де жаңа симптом болып табылады. Адамдарда демалу қиындайды, сондықтан демді бақылап отыру қажет. Бұл вирустың жұқпалылығымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар дем алу жолдарының жоғарғы бөлігіне бар ауыртпалық түседі”, – дейді Б.Атшабаров атындағы ІҚМҒЗ Институтының директоры Тимур Салиев.
“Науқастың жағдайы нашарлағанда, оған антиденелері бар қан құю арқылы емдеуге сенім артудың қажеті жоқ. Бұл өзге де дәрілік препараттармен бірге тиімді әсер етуі мүмкін. Қанның дұрыс құйылмауы немесе қан компоненттерін құю кезіндегі қателіктің салдарынан пациент жан тапсыруы мүмкін”, – дейді медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Еделев.
Плазма сапасы қан тобына емес, вируспен бұрын ауырған адамның жасына байланысты. Статистикаға сенсек, жас пациенттер жақсы донор бола алады. Сонымен қатар антиденелер барлығында бірдей түзіле бермейтінін ескеру керек. Ең тиімді жолы – вакцина алу. Әрі қан плазмасын құю арқылы вируспен күресу Америка мен Еуропа, Қытайда жалғасып жатқанымен, елімізде бұл әдіс қолданылмайды.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі брифинг кезінде Eta-штаммының зияны туралы айтқанын хабарлаған едік.