Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатында алғаш рет жүлдегер атанды

0
401

Ерлер арасындағы командалық есепте алтын медаль Қытай гимнастшыларына бұйырса, күміс жүлдені Жапония құрамасының өкілдері иеленді.


Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатында алғаш рет жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Сингапурда өтіп жатқан көркем гимнастикадан 10-Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды. Бұл біздің Ұлттық құраманың сары құрлық чемпионатындағы осы уақытқа дейінгі алғашқы жүлдесі, деп жазады zakon.kz.

Ерлер арасындағы командалық есепте алтын медаль Қытай гимнастшыларына бұйырса, күміс жүлдені Жапония құрамасының өкілдері иеленді. Бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесі, деп мәлімдеді Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үшінші орын қазақстандық гимнастшыларға күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алуға жол ашты.

Жүлде алған команда сапында Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров пен Ілияс Азизов бар.