Әр пальманың биіктігі - 11 метр. Олардың құны әлі белгісіз.
ERNUR.KZ. Ақтауда 11 метрлік жасанды пальманы орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Тіпті жергілікті тұрғындар туған қаласын америкалық Майамимен салыстыратын болған, деп жазады тengrinews.kz.
Жоспар бойынша, Ақтау жағалауында арасы 15 метрден 100 пальма орнатылу керек. Металл ағашты «отырғызу» жұмыстары маусымда аяқталады.
Әр пальманың биіктігі - 11 метр. Олардың құны әлі белгісіз. Басылымның хабарлауынша, жергілікті тұрғындар Ақтауды Атлант мұхитының жағалауында орналасқан америкалық Майами қаласымен салыстыра бастаған.