Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды

0
1 441

Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды. Астаналық Әли Насырбек жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысына қатысқан.


Қазақстандық оқушы әлемнің үздік математигі атанды

ERNUR.KZ. Жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелді. Қазақстан намысын 51 бала қорғады, деп жазады zakon.kz.

Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келеді.

"АҚШ-та Нью-Йорк қаласында өтті. Біз ол жерде әлемнің ең күшті университетінің бірі Колумбия университетінде болдық. Одан соң Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Олар ең күшті университеттердің бірі. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын."Әли Насырбек, Copernicus Olympiad жеңімпазы