Қазақстандық оқушы қыз әлемнің 4 үздік жоғары оқу орындарының грант иегері атанды

0
757

Химия-биология бағытындағы 12 В сынып оқушысы Адилбай Қасиет әлемнің 4 үздік жоғары оқу орындарының толық грант иегері атанды.


Қазақстандық оқушы қыз әлемнің 4 үздік жоғары оқу орындарының грант иегері атанды

NIS оқушысы Канада, Корея, Америкамен қатар Венгриядағы үздік жоғары оқу орындарының толық грант иегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Химия-биология бағытындағы 12 В сынып оқушысы Адилбай Қасиет әлемнің 4 үздік жоғары оқу орындарының толық грант иегері атанды. Оның ішінде, әлем елдеріне 19 ғана грант бөлетін International Scholars бағларламасына түсіп, University of British Columbia-ның толық грантын ұтып алды. Айта кетсек, University of British Columbia университеті әлемнің ең үздік 40 жоғары оқу ордаларының қатарына кіреді.
Сонымен қатар, Қасиет Кореяның үздік университеттерінің бірі UNIST-қа толық грантқа түсті. Университет әр жыл сайын шетелдік оқушыларға тек 15 орын ғана бөледі. Соның бірі – біздің оқушы.
Корей елімен шектелмей, түлегіміз Американдық Northwestern University-дің Катардағы филиалына грант ұтып алды.
Канада, Корея, Америкамен қатар Венгрияның да ең беделді ордасы Қасиетке толық грант ұсынып отыр. Атап айтсақ, Қасиетке төртінші шақырту Венгрияның ELTE университетінен келді.
Зияткерлік мектебіміздің құндылықтарын бойына жиған білімді шәкірттің сөзінше, енді тек таңдау қалды.