Зияткерлік жарысқа 18 елден жүзден астам оқушы қатысты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында бес медальге ие болды, деп жазады Azattyq Rýhy
Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік жарысқа 18 елден жүзден астам оқушы қатысты. Командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 6-шы орынға тұрақтады.
Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысты. Жеңімпаздардың қатарында:
- күміс медаль иегері Таир Сатубалдин;
- қола жүлдегерлер — Нұрасыл Әбдіразақ, Рахим Баймурзин, Юрий Тен, Батырхан Сакенов;
- Құрмет грамотасымен Сам Фетуллах марапатталды.
«Олимпиаданың турнирлік күнінде жас математиктердің алдына қиын міндет қойылды. Олар төрт тапсырманы шешуі тиіс болды. Біздің оқушылар Балқан елдері, сондай-ақ Ұлыбритания, Италия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің білім алушылары қатысқан жарыста жақсы нәтижелер көрсетті», - деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.
Биыл математикадан Балқан олимпиадасы 6-10 қыркүйек аралығында өтті.