Қазақстандық омбудсмен елімізде сотталғандарға арнайы білім квоталарын бөлуді ұсынды

0
588

Елімізде 14,618 сотталғандардың көпшілігі 15 пен 35 жас аралығындағы жастар.


Қазақстандық омбудсмен елімізде сотталғандарға арнайы білім квоталарын бөлуді ұсынды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ғылым және жоғары білім министрілігінен сотталғандарға арнайы білім квоталарын бөлуді сұрады, деп жазады stan.kz.

Омбудсменнің айтуынша осылайша сотталғандардың қылмысты қайта жасау мөлшері азаяды.

"Жоғары білім алу сотталғандарға босатылғаннан кейін өз мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл мұндай жандарды қайта әлеуметтендіру бағыттарының бірі болып саналады. Осылайша қылмыстардың қайталану ықтималдығы да азаяды. Сонымен бірге мемлекеттің міндеті – сотталғандарды түзеу мекемесінен кейінгі өмірге дайындау", - деді Артур Ластаев.

Омбудсменнің айтуынша биыл Алматы мен Алматы облысындағы екі мекеме базасында оқшаулау жағдайында жоғары білім алу бойынша пилоттық жоба іске асырылмақ. Алайда кеңсесінің мәліметінше бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысының орташа құны жылына 1,1 миллион теңгеден асады екен.

“Бұл ретте көптеген сотталғандар келтірілген залалды өтей алмай жүргенде, оқу ақысын өтеуге мүлде шамалары келмейді. Сондықтан түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар үшін білім алуға квота бөлу үлкен қолдау болар еді”, – деп атап өтті омбудсмен хабарламасында.

Елімізде 14,618 сотталғандардың көпшілігі 15 пен 35 жас аралығындағы жастар.