Қазақстандық режиссер Сламбек Тәуекел өмірден озды

0
164


Қазақстандық режиссер Сламбек Тәуекел өмірден озды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
ERNUR.KZ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кинорежиссер, сценарист, "Құрмет" және "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері Сламбек Тәуекел 78 жасында өмірден озды, деп жазады Stan.kz.


Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасына және жақындарына терең қайғырып көңіл айтты.

"Сламбек Тлеуқабылұлы – қазақ киноөнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға. Кәсіби режиссер, талантты сценарист және продюсер ретінде ол тарихи-көркем фильмдердің бірқатарын жарыққа шығарып, өз шығармашылығын ұлттық руханиятты жаңғырту мен нығайту ісіне арнады. Сондай-ақ ол Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, жас мамандарды тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сламбек Тәуекел 1948 жылы Павлодар облысында дүниеге келген, 1971 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК) тәмамдаған.


1977 жылдан бастап КСРО кинематографистер одағының мүшесі болды.

Ол "Жоғалған өлке", "Наурыз", "Батыр Баян", "Асанәлі", "Сәтбаев", "Бір бала", "Махамбет" және басқа да көптеген деректі және көркем фильмдердің режиссері.