Тамыздың соңғы жексенбісінде шахтерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
ERNUR.KZ Жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде Қазақстанда құрметті де күрделі мамандық иелері – шахтерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, еліміздің тау-кен өндіру саласында 145 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұлар – жер асты шахталары, кеніштер мен ашық карьерлердегі жұмысшылар.
Шахтерлерді әлеуметтік қолдау аясында жасына және еңбек еткен жылдарына байланысты бұрын тағайындалған зейнетақылар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ға арттырылды.
"Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді", - делінген министрлік хабарламасында.
Қолдаудың қосымша шаралары кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында көзделген. Мемлекет тарапынан сала ардагерлеріне де әлеуметтік қолдау шаралары мен жеңілдіктер ұсынылады. Олардың жалпы саны 13 мыңнан асады, оның ішінде 400-ден астамы – "Шахтер даңқы" белгісінің толық кавалерлері.


