Қазақстандық студенттер коронавирус тараған Ухань қаласынан эвакуацияланбайды

0
1 175

Уханьдағы консулдық есепте 230 қазақстандық студент тұрады.


Қазақстандық студенттер коронавирус тараған Ухань қаласынан эвакуацияланбайды

ERNUR.KZ. Қазақстан СІМ өлімге жаңа вирус тараған Ухань қаласынан қазақстандық студенттер эвакуацияланбайтынын мәлімдеді. Карантинге жабылған Қытай қаласында жүзге жуық отандық студент қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мемлекетіміздің елшілігі қазақстандықтар үшін жедел желіні іске қосқан.

Уханьдағы консулдық есепте 230 қазақстандық студент тұрады. Олардың жартысынан көбі қаланы карантинге жаппас бұрын елге қайтып үлгерген. Студенттерде осы уақытта демалыс басталғандықтан, олар Қазақстан мен басқа елдерге кетіп қалды.

Бүгінде Қытай қаласында 98 отандық студент қалып отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі оларды эвакуациялау мәселесі қарастырылып отырмағанын мәлімдеді.

Қазірде барлық студентпен байланыс орнатылған. Оларға вирустың таралуына байланысты сақтық шаралары мен тәртіп ережелері ескертілген.

СІМ мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда төтенше жағдай енгізу ерте деп санайды. Қазір тек Ухань қаласы орналасқан Хубей провинциясы ғана жабық. Қаладағы барлық студенттің демалыс уақыты ұзартылған.