Қазақстандық студенттердің шетелге шығуына тыйым салынды

0
825

Одан бөлек, шетелдік оқытушылар мен студенттердің де Қазақстанға келуіне шектеу қойылған.


Қазақстандық студенттердің шетелге шығуына тыйым салынды

ERNUR.KZ. Енді қазақстандық студенттер уақытша шетелге шыға алмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Министрлік дерегінше, бұл шара коронавирус таралмас үшін жасалып жатыр.

«Коронавирустың таралмас үшін қажетті шараларды қабылдау мақсатында қазақстандық студенттер мен оқытушылар академиялық ұтқырлық аясында шетелге уақытша шықпайды», - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Одан бөлек, шетелдік оқытушылар мен студенттердің де Қазақстанға келуіне шектеу қойылған.