ERNUR.KZ. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2025-2026 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді, деп жазады BAQ.KZ.
Атап айтқанда:
- Бакалавриат – 110 орын
- Магистратура – 90 орын
- Бакалавриат + магистратура – 30 орын
- Докторантура – 20 орын
Грант мына шығындарды өтейді:
- Тегін оқу
- Стипендия
- Жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтерге ай сайынғы
40 000 HUF көлеміндегі өтемақы) - Медициналық сақтандыру
Құжаттар 2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2025 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы қабылданады немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыруға болады.