Қазақстандық TikTok-тағы тікелей эфирден кейін көше сыпыруға жіберілді

0
106

Полиция тікелей эфир кезінде бірнеше рет балағат сөздер айтқан Сырдария ауданының 36 жастағы тұрғынын анықтады.


Қазақстандық TikTok-тағы тікелей эфирден кейін көше сыпыруға жіберілді

Бейнеден кадрлар

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желідегі тікелей эфирден кейін қазақстандық көше сыпыруға жіберілді, деп жазады tengrinews.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді.

Полиция тікелей эфир кезінде бірнеше рет балағат сөздер айтқан Сырдария ауданының 36 жастағы тұрғынын анықтады.



Құқық бұзушылық жасаған сәтте ер адам алкогольдік мас күйде болған.

Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартты. Қазіргі уақытта ер адам жазасын өтеп жатыр: көше сыпырып, арамшөптерді тазалап және басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқарып жатыр

Полиция әлеуметтік желілерде контент жариялау құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.

"Интернет – заңсыздық аумағы емес. Тікелей эфир жауапкершіліктен құтқармайды. Құқыққа қайшы әрекет көшеде немесе әлеуметтік желіде жасалғанына қарамастан, ол үшін жауап беруге тура келеді", - деп ескертті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, кеше Астана полициясы елорда орталығындағы Триумфалды арканың жанында балағат сөздері бар әндер шырқаған бойжеткенді ұстап, айыппұл салды. 25 жастағы бойжеткен басқа мемлекеттің азаматы болып шықты. Ол TikTok-та қоғамдық мораль нормаларын бұзатын видео жариялаған. Сот шешімімен оған 86 500 теңге әкімшілік айыппұл салынған.