Қазақстандықтар енді анықтама қағазын алу үшін мектепке, балабақшаға немесе колледжге сандалмайды

0
708

Енді баланың білімі туралы ақпарат eGov мобильді жүйесінде цифрлық құжат ретінде қолжетімді.


Қазақстандықтар енді анықтама қағазын алу үшін мектепке, балабақшаға немесе колледжге сандалмайды

ERNUR.KZ. Енді баланың білім алып жатқаны туралы ақпарат Қазақстанның eGov mobile электронды үкіметінің мобильді қосымшасында цифрлық құжат түрінде көрсетіледі, деп жазады zakon.kz.

Енді баланың білімі туралы ақпарат eGov мобильді жүйесінде цифрлық құжат ретінде қолжетімді. Оны оқу орнынан алынатын анықтаманың орнына пайдалануға болады.

"Енді оқу орныңыздан анықтама алу үшін мектепке, балабақшаға немесе колледжге хабарласып, оның дайын болғанын күтудің қажеті жоқ", - делінген eGov.kz хабарламасында.

Білім алып жатқаны туралы ақпаратта толық аты-жөні, ЖСН, туған күні, білім беру ұйымы туралы ақпараттан бөлек балабақшаның жас тобы мен топ атауы, мектеп үшін сынып және әріп, колледж үшін топ коды көрсетіледі.

2023 жылдың 22 қарашасында eGov.kz электронды үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында ақпаратты түзетудің сегіз қызметі қолжетімді екені белгілі болды.