Қазақстандықтар енді депозитте белгіленген сомадан артық ақша сақтай алмайды

0
90

Қазақстанда банктердегі депозитке салынатын ақша көлеміне шектеу енгізіледі.


Қазақстандықтар енді депозитте белгіленген сомадан артық ақша сақтай алмайды

Фото: ChatGPT

ERNUR.KZ. Жаңа талап бойынша жинақ депозитінде 20 миллион теңгеден, басқа депозиттерде 10 миллион теңгеден, ал шетел валютасындағы салымда 5 миллион теңгеден артық ақша ұстауға болмайды, деп жазады stan.kz.

Тиісті талаптарды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекітті. Алайда белгілі болғандай, өзгеріс елімізде қазір жұмыс істеп тұрған банктердегі депозиттерге әсер етпейді.

"Банктер туралы жаңа заң банк лицензияларының екі түрін көздейді: әмбебап және базалық. Базалық лицензия шағын банктерге арналған және жеңілдетілген талаптардмен жұмыс істейді. Мұндай банктер үшін активтер 500 миллиард теңгеден аспауы тиіс. Жеке тұлғалардың депозиттері депозиттерге кепілдік беру жүйесі өтейтін сомамен шектеледі, - деп мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Алайда бұл шектеулер қазір жұмыс істеп тұрған банктерге қолданылмайды. Себебі олардың барлығы әмбебап лицензиямен жұмыс істейді.

Қарапайым тілмен айтқанда, базалық лицензия – талаптары жеңілдетілген шағын банктерге арналған рұқсат. Ал әмбебап лицензия – қазір жұмыс істеп тұрған банктерге берілген лицензия. Яғни депозитке қойылатын жаңа шектеу осы екі санаттың біріншісіне ғана қатысты.