Жаңа сайтта бұл қызмет іске қосылды.
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Енді қазақстандықтар қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық малын онлайн түрде таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудару арқылы құрбан шалуға қатыса алады.
«Бұл мүмкіндік әсіресе ірі қалалардағы мұсылман қауымы үшін өте ыңғайлы. Сайтта қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалуға болады. Тапсырыс сәтті өткен соң ұялы телефонға SMS хабарлама келеді, ал құрбандық мал шалғаннан кейін оның фото және бейне есебі де тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», - деп хабарлайды Мүфтият.
Осылайша, биыл да құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді.