Қазақстандықтар ер адамға найзағай түскен сәттің видеосын таратып жатыр: полиция пікірі

0
225

Найзағай соққаннан кейін ер адам қимылсыз жолға құлап түседі.


Қазақстандықтар ер адамға найзағай түскен сәттің видеосын таратып жатыр: полиция пікірі

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар WhatsApp-та оқыс оқиғаның видеосын таратып жатыр. Онда қолына қолшатыр ұстаған ер адамға жай түскені көрінеді, деп жазады tengrinews.kz.

Кадрларды бұған дейін ресейлік Telegram-арналары жариялаған. Марқұм 63 жастағы ер адам. Найзағай соққаннан кейін ер адам қимылсыз жолға құлап түседі. Сондай-ақ, БАҚ марқұмның ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқан болуы мүмкін деп болжаған.



Қайғылы оқиға Балашихада (Мәскеу облысы, Ресей) 31 мамырда болған. Кейбір қолданушылар оқиға Қазақстандағы Балқашта болға деп ойлауы мүмкін.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі Балқашта мұндай оқиға тіркелмегенін растады.

"Тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз, көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қарастарды", - деп ескертті Қарағанды облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі.