Қазақстандықтар қандай жағдайларда кредитті төлеуін тоқтата тұра алады?

0
717

Маманның айтуынша, кей оқыс оқиғалар болған жағдайда несиені төлеуді тоқтата тұруға болады.


Қазақстандықтар қандай жағдайларда кредитті төлеуін тоқтата тұра алады?

ERNUR.KZ. Статистикаға сүйенсек, бүгінде қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 7 триллион теңгеден асады. Ал пандемия кезінде 1 триллион 309 миллиард теңге несие берілген екен. Көбі карантинге байланысты жұмыстан қысқартуға ұшыраса, өзгерелері денсаулығына байланысты қарызын өтей алмай жатыр дейді. Бұл туралы заңгер Гүлмира Батырханқызы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Заңгер Азаматтық кодекске сүйене отырып, қарыз алушы қандай да бір қиындықтарға тап болған жағдайда оларға жеңілдік жасаудың нақты жолдары көрсетілмегенін айтады.

"Ондай мәселені тек қарыз беруші банк өзі шешеді. Егер борышкер ауырып қалса немесе жұмыстан шығып қалса онда өз міндеттерін тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқығы нақты заңда көрсетілмеген. Мысалы, 274-бап ("Мiндеттеменi бөлшектеп орындау") бойынша, банк пен қарыз алушы жасасқан мiндеттеме шарттарында ол туралы көрсетілмесе, белгiленбесе, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы. Егер банк келіссе, әрине, болады. Бірақ Қазақстанда ондай банк əлі құрылмаған", - дейді заңгер.

Бірақ, маманның айтуынша, кей оқыс оқиғалар болған жағдайда несиені төлеуді тоқтата тұруға болады, алайда ол тек белгілі бір мерзімге ғана дейді. Оның оқыс жағдай немесе оқыс жағдай емес екенін тек сот бағалай алады екен.

- адамның жұмыс істеуіне кедергі келтіретін түрлі жағдайлар, апаттар;

- жұмыспен қамту орталығында тіркелген жағдайда, яғни ресми түрде жұмыссыз екені дәлелденсе;

- ойламаған жерден жұмыстан қысқартуға ұшыраған кезде (қажет құжаттар болуы керек);

- соңғы жалақысы әлі түспей жатса - тек анықтама берілсе;

- жалақысының кем дегенде 20 пайызға азаюы.


Сондай-ақ, заңгер борышкер қайтыс болған жағдайда, онда оның несиесін мұрагерлері төлейтінін айтады. Ал мұрагерлер болмаған жағдайда сақтандыру компаниялары өтейді.

"Сақтандыру шарттарында сақтандыру компаниясы несие алушының банк алдындағы немесе микроқаржы ұйымы алдындағы қарызы қалып қойған жағдайларды өз мойнына алады. Алайда мұнда ескеретін жайт бар - cақтандыру компаниясы сақтандыру келісімшартында қарастырылған сақтандыру сомасымен ғана шектеледі. Қарыз мөлшері сақтандыру сомасынан асып кеткен жағдайда, банк кредитордың кепілге қойған кез келген мүлкін өндіріп алуға құқығы бар", - дейді Гүлмира Батырханқызы.