​Қазақстандықтар көбіне қай елдерге қоныс аударады

0
340

Өткен жылы елге 25 399 адам келіп, 16 055 адам кеткен екен.


​Қазақстандықтар көбіне қай елдерге қоныс аударады

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында еліміздегі халықтың көші-қоны туралы деректер жарияланды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі ақпарат жариялады.


Өткен жылы елге 25 399 адам келіп, 16 055 адам кеткен екен. Көші-қон сальдосы 9344 адамға тең болды.

"2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 46,9%-ға, Қазақстаннан кеткендер саны 33,7%-ға азайды. Еліміздегі негізгі көші-қон - ТМД мемлекеттерімен байланысты. Мәселен ТМД елдерінен келгендердің үлесі 86,3%-ға жеткен. Ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 77,3%-ға жуықтаған", - делінген бюро хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство өңіраралық көші-қон туралы деректерді ұсынды.
"Ел ішінде қоныс аударушылар саны 27,5%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің үш өңірінде, атап айтқанда Астана (50 078 адам), Алматы (38 113 адам) және Шымкент (3 416 адам) қалаларында халық миграциясының оң сальдосы қалыптасты", - деп атап өтті бюро.


Ведомство ұсынған кесте бойынша тұрғындар жиі кететін аймақтарды бақылауға болады. Бір жыл ішінде Түркістан облысынан 23 211 адам, Жамбыл облысынан 13 681 адам, Жетісу өңірінен 9 181 адам, Қызылорда облысынан 7 154 адам, Абай өңірінен 6 748 адам кетті.

Айта кетейік, "көші-қон сальдосы" - есепті кезеңде аймаққа келгендер мен одан кеткендер арасындағы айырмашылықты көрсетеді.