Қазақстандықтар кремацияға eGov арқылы келісім бере алады

0
174

Порталда енді "Кремацияға арналған өсиетті тіркеу" қызметі қолжетімді.


Қазақстандықтар кремацияға eGov арқылы келісім бере алады

Фото: Желі кадрларынан
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар енді eGov арқылы кремацияны рәсімдей алады. Электрондық үкімет веб-сайтында өтініш беру тегін және нотариусқа барудың қажеті жоқ, деп жазады Stan.kz.

Порталда енді "Кремацияға арналған өсиетті тіркеу" қызметі қолжетімді. Өтініш беру үшін жүйеге кіресіз, қызметке онлайн тапсырыс бересіз және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып өтінішке қол қоясыз. Азаматтар да өз пікірлерін өзгертуге және шешімін қайтарып алуға құқылы.