Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады

0
204

Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылады.


Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады

ERNUR.KZ. Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, яғни, дүйсенбіге түсіп тұр. Оразадан 70 күннен кейін тойланатын мұсылмандардың қасиетті мерекесі күнтізбеде қызыл күнмен белгіленген, деп жазады inform.kz.

Сәйкесінше, қазақстандықтар 15, 16 және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады.

Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.

Еске сала кетейік, құрбандыққа шалатын малға және союға қатысты қойылатын арнайы талаптар бар.