Қазақстандықтар төрт өңірден жаппай көшіп жатыр

0
91

Өткен жылы Астанаға көшіп келгендер көп болған. Қалаға 87 459 адам көшіп барған.


Қазақстандықтар төрт өңірден жаппай көшіп жатыр

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Экономикалық жағдайы әлсіз өңірлердің тұрғындары ірі қалаларға жаппай көшіп жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Өткен жылы Астанаға көшіп келгендер көп болған. Қалаға 87 459 адам көшіп барған. Одан кейін Алматы (+33 126), Шымкент (+15 130) және Алматы облысы (+12 110) тұр.

Ал ең көп халық кетіп жатқан өңір – Түркістан облысы (−42 649 адам). Одан кейін Жамбыл облысы (−21 179), Жетісу облысы (−13 018) және Қызылорда облысы (−11 913) орналасқан.

ПІКІР

Экономист Рахымбек Әбдірахмановтың айтуынша, ішкі көші-қон тікелей өңірлердің экономикалық жағдайымен байланысты. Оның сөзінше, дотацияға тәуелді аймақтар тұрғындарын ең көп жоғалтып жатыр.

– Егер көші-қон көрсеткіштерін өңірлердің экономикалық жағдайымен салыстырсақ, бір маңызды заңдылық байқалады: адамдар көбіне республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерге көбірек тәуелді облыстардан кетеді. Мысалы, бұл өңірлерге бөлінетін субвенциялар көлемі мынадай: Түркістан облысы – 1,1 трлн теңге, Қызылорда облысы – 504 млрд теңге, Жамбыл облысы – 494,3 млрд теңге, Жетісу облысы – 381,8 млрд теңге, – деп жазды ол өзінің Gde Tenge Telegram-арнасында.