Қазақстандықтар жаппай алтын сатып ала бастады

0
3 337

Тамыз айында алтынның құны 1 грамм үшін 2,5%-ға – 28,8 мыңға дейін өсті.


Қазақстандықтар жаппай алтын сатып ала бастады

ERNUR.KZ. Тамыз айында Қазақстанда халық тарапынан алтынға сұраныс артып, 3 айдағы ең жоғары деңгейге көтерілді, деп жазады ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы тамызда халық екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 137,2 кг болатын 3072 алтын құймасын сатып алған, бұл – 2023 жылғы мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бір айда сатып алулар 10,1% - ға өсті, бұл жалпы салмағы 68,6 кг болатын 2 395 өлшеуіш құйма сатылған өткен жылдың тамыз айындағы мәннен 28,3%-ға артық.

2023 жылғы тамызда өлшеуіш құймаларды сатудың ең үлкен көлемі Алматы (1 527 құйма), Шымкент (693 құйма) және Астана (221 құйма) қалаларында тіркелді.

Сонымен қатар, халық үшін тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату және сатып алу бағдарламасы басталғаннан бері Ұлттық банк 2017 жылы жалпы салмағы 4,8 тонна болатын 138 мың 255 алтын құйма сатты. Сондай-ақ, жалпы салмағы 644 кг болатын 24 мың 500 өлшеуіш құйма кері сатып алынды.

Айта кету керек, тамыз айында алтынның құны 1 грамм үшін 2,5%-ға – 28,8 мыңға дейін өсті.