Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік бойынша құжаттарды рәсімдеу кезінде алты есеге аз төлейтін болады

0
466

​Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы ХҚКО операторларын BI Group және G-Park құрылыс компанияларының кеңселеріне орналастырды.


Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік бойынша құжаттарды рәсімдеу кезінде алты есеге аз төлейтін болады

ERNUR.KZ. Енді Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкентте тұрғындарында нотариустардан басқа, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғын үй сатып алу кезінде мәмілені рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Осылайша тұрғынар бұл үшін 6 есеге аз қаражат төлей алады, деп жазады Stan.kz.

Мемлекеттік корпорация баспасөз қызметінің ақпараты бойынша енді электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе интернетке қолжетімділігі жоқ клиент сол жерде офлайн режимінде жылжымайтын мүлікпен мәміле жасай алады.

"Жаңашылдық адамға уақытты ғана емес ақшаны да үнемдеуге мүмкіндік береді. ХҚКО арқылы көрсетілетін бұл қызметтің құны 7 100 теңгені құрайды. Ал нотариустарда бұл 6 есе қымбат 49 589 теңге тұрады. 2022 жылдың соңына дейін бұл жобаны құрылыс салушы компаниялардың тізімін кеңейте отырып, ауқымды ету жоспарланып отыр",- деп хабарлады мемлекеттік корпорация.

Бұған дейін азаматтарға арналған үкімет "Отбасы банк" АҚ-мен бірлесіп Blockchain технологиясының көмегімен тұрғын үйді жалға беру шартын онлайн рәсімдеу жобасын іске қосқан болатын.

Егер бұрын клиенттер құжаттар тізімін жинап, әкімдікке хабарласып, 15 жұмыс күніне дейін күтуіне тура келген болса, қазір жаңа қызметпен бүкіл процесс шамамен 2 сағатты алады.