Қазақстандықтардың газға қарызы 7 млрд теңгеден асты

0
535

Өңір тұрғындарының қарызы жалпы борыштың 89 процентін құрап отыр.


Қазақстандықтардың газға қарызы 7 млрд теңгеден асты

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар газға 7 млрд теңгеден астам қарыз. Берешектің дені Шығыс Қазақстанда, деп жазады 24.kz.

Өңір тұрғындарының қарызы жалпы борыштың 89 процентін құрап отыр. Екінші орында Түркістан тұр. Үштікті Шымкент түйіндейді.

Мамандардың айтуынша, қарыздың көптігі газ тарату ісіне кері әсерін тигізеді.

Коммуналдық қызметтер қысқа дайындықты 15 қыркүйекке дейін аяқтауы тиіс. Осы орайда "ҚазТрансГазАймақ" мекемесі қарызды қазір төлеуге шақырып отыр.