Халықтың сатып алу қабілеті бір жылда 6%-ға артқан.
ERNUR.KZ. 2020 жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың айлық жалақысы 13,7 пайызға артып, 212 мың теңгені құрады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 186,5 мың теңгені құраған.
Орташа айлық жалақының ең көбін Атырау мен Маңғыстауда жұмыс істейтіндер – 386,4 және 317,7 мың теңгеден алады. Ал елордада бұл көрсеткіш 282,5 мың теңгені құраса, Алматыда 238,7 мың теңгеге жеткен.
Ал, орташа айлық жалақының ең төменгі көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысында – 159,3 мың теңге. Сонымен қатар, Жамбыл облысы (162 мың теңге) мен Шымкент қаласы да (164,2 мың теңге) көш соңында.
Ең үлкен орташа жалақы қаржы және сақтандыру салаларында сақталғанымен (386,8 мың теңге), бір жылда мұндағы жалақы 15,6%-ға қысқарған.